ЖКО фактісіне қатысты тергеу басталды
Ақтөбе облысында жол апатынан екі шетелдік азамат қайтыс болды, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі polisia.kz-ке сілтеме жасап,
16 мамыр күні Самара-Шымкент автожолының 824-шақырымында Toyota RAV-4 және Chevrolet Lacetti автокөліктері соқтығысқан. Chevrolet көлігінің жүргізушісі мен жолаушысы, Өзбекстан Республикасының азаматтары оқиға орнында қаза тапты.
Сондай-ақ, Chevrolet автокөлігінің үш жолаушысы және Toyota RAV-4 көлігінде болған 5 жасар баласы бар ерлі-зайыптылар медициналық мекемеге жатқызылды.
ЖКО фактісіне қатысты тергеу басталды.