Бұған орай іс-шаралар өтпейді
Бүгін Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 70 жасқа толды, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Бұған дейін оның баспасөз хатшысы Руслан Желдібай Мемлекет басшысының туған күніне орай мерекелік іс-шаралар өтпейтінін айтқан – бұл Қазақстан басшысының ұстанымы.
Бұл күні Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қытайға алдын-ала жоспарланған мемлекеттік сапары басталады.