Қызылордалық ағайындылар ата-анасын Меккеге апару үшін велоарбамен жолға шықты

Qaz365.kz редакциясы

Арбаны қолдан соққан

видеодан кадр

Қызылордалық ағайындылар ата-анасын Меккеге апару үшін велоарбамен жолға шықты. Бұл туралы “КТК” телеарнасының журанлисі Гүлмира Әбіқай өзінің Facebook парақшасында бөлісті, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Оның айтуынша, арбаны ұзақ жолға қолдан соғып дайындаған. Бағыттары Батыс. Ақтөбе - Маңғыстау- Атырау - Ақтау - Баку - Иран - Кувейт арқылы діттеген жерге жету. Қызылорда мен Медина шаһарының арасы 5 мың шақырымға жуық.

“Қазірдің өзінде Сыр бойында күн күйіп тұр. Алдыда аңызақ жел, салқын түн, шөл һәм апатап ыстық бар.

Жолай менің оқырманым сәт сапар тілеп, қаржылай және ас-сумен көмек ұсыныпты. Алла разы болсын деп бас тартқан.

Ақыр Ақтауға дейін барамын, жол қысқарсын жеткізейін деп еді, “жоқ, өзім осылай еңбекпен апарамын” депті жолаушы”, – деп жазды журналист.

Журналист қажылыққа жаяулатып керуендеткен сапаршылардың басы Құнанбай қажы болса, соңы бұлар емес дейді. 2014 жылы Дулат Иман Ақмола өңірінен Сауд Арабияға дейін жүгіріп жеткен. Жолға 4 ай кетті. 3 жыл бұрын карантинге қарамастан, Алматы облысынан Жұматай атты азамат үлкен қажылыққа жаяу жол тартқан еді.

“Қажылық құрбан айтқа 4-5 күн қалғанда жасалады.

Мынадай велоарба мықты дайындықпен шыққанның өзінде сағатына 10 км. жылдамдықтан аспайды”, – дейді Гүлмира Әбіқай.