Алматыда Әйтеке би көшесі ұзартылады

Qaz365.kz редакциясы

Жөндеу жұмыстары маусым айында басталады

esquire.kz

Алматы билігі Әйтеке би көшесін ұзартпақшы. Бұл туралы қала әкімі Ерболат Досаев Алмалы ауданының тұрғындарымен кездесуінде жасаған есебінде мәлімдеді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Мегаполис басшысының айтуынша, жөндеу жұмыстарына биыл маусым айында кіріспек.

"Маусымда Алматы әкімдігі Байтұрсынов пен Досмұхамедов көшелерінің арасындағы Әйтеке би көшесінің бойына тротуар орнатып, жолды ұзартуды бастауды жоспарлап отыр", - деді әкім.

Жыл басынан бері қадамдық қолжетімділікті қамтамасыз ету үшін Брусиловский және Байтұрсынов көшелерінде 4 жаңа аялдама орнатылды. Жыл соңына дейін Мұқанов, Байзақов, Тілендиев және Панфилов көшелеріне тағы 4 аялдама орнату жоспарланып отыр.