Талдықорған әкімі жансақтау бөліміне түсті

Qaz365.kz редакциясы

Шаһар басшысы жоғары қан қысымымен ауруханаға түскен

instagram.com/masabayev_online

Талдықорған қаласының әкімі Әсет Масабаев ауруханадағы жансақтау бөлімінен жалпы палатаға ауыстырылды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Шаһар басшысы жоғары қан қысымымен ауруханаға түскен.

«Бірнеше күн бұрын ауруханаға түсті. Жұмыс уақытында қан қысымы көтеріліп, жедел жәрдем көлігі келіп, жұмыстан алып кетті. Жансақтау бөлімінен жалпы палатаға ауыстырылды. Қазір жағдайы бірқалыпты», –  дейді Талдықорған қаласы әкімінің баспасөз қызметінің хатшысы Мади Шакенов.