Қазақстанда банктерге тойға несие беруге тыйым салына ма

Qaz365.kz редакциясы

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі төрағасының орынбасары Олжас Қизатов тойға несие алуға тыйым салу мәселесіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі informburo.kz-ке сілтеме жасап.

Айтуынша, банктерге тойға несие беруге тыйым салу – олардың ішкі саясатына араласқанмен бірдей. 

Бүгінде қазақстандықтар арасында тойға несие алатындар көп. Алайда бұл несиені барлығы бірдей өтей бермейді. 

Олжас Қизатовтың айтуынша, мемлекет банктердің ішкі жұмысына араласа алмайды. Тойға несие беруге де тыйым салу мүмкін емес.