Атырауда жол апатынан төрт адам қайтыс болды

Qaz365.kz редакциясы

Toyota Ipsum көлігі мен КамАЗ жүк көлігі соқтығысқан.

polisia.kz

 

Атырауда жол апатынан 4 адам қайтыс болды, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz.

Polisia.kz хабарлауынша, 20 мамыр Доссор-Құлсары-Бейнеу тас жолының 133 шақырымында Toyota Ipsum көлігі мен КамАЗ жүк көлігі соқтығысқан. Салдарынан Toyota өртеніп кеткен, жүргізушісі мен 3 жолаушысы қаза тапқан. Екі жолаушы түрлі дене жарақаттарымен ауруханаға жеткізілген.Тергеп-тексеру басталды.

«Қаза тапқандардың жеке басын анықтау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Әзірге тек Өзбекстан елінің азаматтары екендігі ғана белгілі. Toyota көлігінің жүргізушісіне жыл басынан бері 10 хаттама толтырылған. 8 хаттама жол қозғалысы кезінде жылдамдықты шамадан тыс асырғаны және екі хаттама қауіпсіздік белдігін тақпағаны үшін толтырылғаны белгілі болды», - деді Атырау облысы ПД жанындағы патрульдік полиция ротасының командирі Әділбек Шахметов.