Ауруханада жатқан Жанболат Мамайдың жағдайы күрт нашарлап, жансақтау бөліміне ауыстырылды

Qaz365.kz редакциясы

Денесін қызыл бөрткен басып кетіп, ештеңе көмектеспей жатыр

Инга Иманбайдың Фейсбук парақшасы

Ауруханада жатқан Жанболат Мамайдың жағдайы күрт нашарлап, жансақтау бөліміне ауыстырылды. Бұл туралы оның әйелі Инга Иманбай әлеуметтік желідегі парақшасында дабыл қақты, деп хабарлайды Qaz365.kz.

“Денсаулық сақтау министрлігі мен Адам құқығы жөніндегі Омбудсменнің назарына!

Ауруханада жатқан Жанболат Мамайдың жағдайы бүгін күрт нашарлап, оны жансақтау бөліміне ауыстырып жатыр. Бүгін оның денесін қызыл бөрткен басып кетіп, ештеңе көмектеспей жатыр”, – деп жазды Инга Иманбай.