Ол 18 жылға бас бостандығынан айырылған болатын
Астананың қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты мемлекетке опасыздық жасағаны үшін сотталған ҚР ҰҚК экс-басшысы Кәрім Мәсімовтің апелляциялық шағым түсіргенін мәлімдеді, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Ол 18 жылға бас бостандығынан айырылған болатын.
«ҰҚК-нің бұрынғы төрағасы Мәсімовке және басқа да тұлғаларға қатысты сот үкімі заңды күшіне енген жоқ, бұл іс бойынша процеске қатысушылардан апелляциялық шағымдар түсті», - деп хабарлады сот.