Ермек Сағымбаев ҰҚК төрағасы болып тағайындалды

Qaz365.kz редакциясы

Оған дейін ол Мемлекеттік күзет қызметінің бастығы лауазымында қызмет еткен

turkystan.kz

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Ермек Сағымбаев Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы болып тағайындалды деп хабарлады qaz365.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

«Ермек Алдабергенұлы Сағымбаев Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы лауазымына тағайындалсын, ол Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің бастығы лауазымынан босатылсын», – делінген Жарлықта.