Оқиға 22 мамыр күні кешкілік тіркелді.
Ақтөбенің Жаңақоныс тұрғын алабында қайғылы оқиға тіркелді. 8 жасар баланы көлік қағып кетіп, оқушы ауруханада көз жұмды, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі.
Оқиға 22 мамыр күні кешкілік тіркелді.
Қаладағы Жаңақоныс тұрғын алабында «Хонда» автокөлігінің жүргізушісі жаяу жүргіншілер өткелінде 8 жасар баланы қағып кетті.
«Апат салдарынан кәмелетке толмаған бала ауруханада қайтыс болды. Жол-көлік оқиғасы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Полиция департаменті жүргізушілерді жолдарда мұқият болуға және жол ережесін қатан сақтауға шақырады»,- деп хабарлады Ақтөбе облысы ПД ЖПҚБ бастығының міндетін атқарушы Айдос Құлжанов.