Күн жылынып, жаз келсе де, үйде от жағуға мәжбүр
Күн жылынып, жаз келсе де, үйде от жағуға мәжбүр. Қарағандыда қабырғалары сыз тартып, көгерген екі қабатты үйде 15 отбасы осылай күн көріп отыр, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі inbusiness.kz-ке сілтеме жасап.
Себебі пәтер іші салқын. Жергілікті билік неге бұған бей-жәй қарайды?
"Мен пеш жағам да түнде көмір салам ғой. Жанғанын байқап отырасын. Қалай болады? Может иіс шығады. Иіс тиеді. Бұл баяғы әлгі жер үйлер емес. Бір пеш жарылса, он бес отбасы барлығы бірақ құлайды деген сөз ғой. Отырмыз, өлместің күні", – дейді тұрғын Мәмбет Шабатаев.