Билік пе, халық па: Ринат Зайытов заң жобасын мақұлдаудағы кедергілер туралы айтты

Qaz365.kz редакциясы

Бүгін Парламенттің төменгі палатасы бірқатар заң жобаларын жұмысқа қабылдады

t.me/mazhilis_kz

Мәжіліс депутаты Ринат Зайытов Үкімет Парламентке заң жобасын әкелген кезде өздеріне тиімсіз екенін айтатын кездері болатынын айтты, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Әр түрлі заң жобасын өткізетін кезде Үкіметтің «мынау бізге тиімсіз» дейтін кездері болады. Ең бірінші біз халықтың игілігіне жұмыс істеуіміз керек қой. Халыққа тиімді болуы керек қой деп ойлаймын. Қаншалықты «саботаж» деп айтуға болатыны зерттелуі керек. Мына ведомство, мына орган «саботаж»  жасап отыр деп айтатын дәлел болу керек қой. Ол – Ермұрат ағаның жеке пікірі. Бірақ мен оны жоққа шығармаймын», - дейді Ринат Зайытов.

Бұған дейін Мәжіліс депутаты Ермұрат Бапи «Заңсыз сатып алынған активтерді мемлекетке қайтару туралы» заң жобасының тақырыбы ауқымды емес екенін айтқан. Ол Тоқаевтың тапсырмасын орындауда, заң жобасын даярлауда тағы да мүдделі топтардың саботажы болды деп ойлаймын деген еді.