ЕАЭО аясындағы интеграция, ең алдымен, экономикалық сипатқа ие – Тоқаев

Qaz365.kz редакциясы

Біз үшін, 2015 жылғы шартта көрсетілгендей, ЕАЭО аясындағы интеграция, ең алдымен, экономикалық сипатқа ие. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Еуразиялық экономикалық форумда «Көпполярлы әлемдегі еуразиялық интеграция» атты тақырыпта сөйлеген сөзінде айтты, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі akorda.kz-ке сілтеме жасап.

«Экономикалық интеграция түпкі мақсат емес. Бұл тек ұйымға мүше мемлекеттердің экономикасын дамытудың және халықтарының әл-ауқатын жақсартудың бір құралы екенін түсіну маңызды. Сондықтан экономикалық интеграцияның жетістігі стратегиялар, келісімдер және шешімдердің санымен емес, керісінше, жаңа өндірістер, технологиялар және жұмыс орындарымен бағаланады», – деді Президент.