Ол Ресей мен Беларусь елдері Қазақстан, Қырғызстан, Армения ұстанған бағытпен санасу керектігін жеткізді
Еуразиялық экономикалық одақтың өз ішінде интеграцияның қос моделі қалыптасты, деп хабарлайды Qaz365.kz Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.
Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресейде өтіп жатқан форумда айтты.
Ол Ресей мен Беларусь елдері Қазақстан, Қырғызстан, Армения ұстанған бағытпен санасу керектігін жеткізді.
«Бір нәзік мәселе бар. Біз концептуалды шындық немесе ерекшелік бар екенін ескеруіміз керек. Бұл – Еуразиялық экономикалық одақ аясындағы Беларусь пен Ресей дейтін одақтасқан мемлекет. ЕАЭО аясында Беларусь пен Ресей сынды екі елдің болуы «бірегей прецедент» немесе «феномен». «Екі ел - бір мемлекет». Тіпті, Беларусь пен Ресейге ядролық қару да ортақ. Біз бұл тұжырымдамалық шындықты немесе ерекшелікті ескеруіміз қажет», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Осы орайда, Мемлекет басшысы екінші интеграцияға тоқталып, мәдениет те, тарих та, тіл де, дін де бөлек екенін меңзеді.
«Екінші интеграция – Қазақстан, Қырғызстан, Армения қатысып жатқан интеграция. Біз осы жағдайда қалай жұмыс істейтінімізді ескеруіміз керек. Бұл – концептуалды мәселе. Бізге осы экономикалық форумда аталған мәселені талқылау керек деп ойлаймын», - дейді Президент.