"Дәрігерлердің айтқанына сенбейміз": Инга Иманбай неден күмәнданады

Qaz365.kz редакциясы

Жанболат Мамайдың бөртпесі бір аптадан бері кетпей жатыр

orda.kz

Жанболат Мамайдың ауруханаға түскеніне бір аптадан асты. Бұл туралы оның жұбайы Инга Иманбай Facebook парақшасында жазды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Оның айтуынша, Жанболаттың денесін басқан бөрткен әлі кетпей жатыр. Дәрігерлердің “бір қасық балдан болды” дегеніне сенбейміз дейді.

“Жағдайы біртіндеп дұрысталып келеді. Денесін басқан бөрткен әлі де толық кетпей жатыр, бірақ бұрынғыдан жақсы. Дегенмен, бұл жағдай күмән тудырады. Бұл денеден кетпейтін сонша не бөрткен? Бұрын соңды ондай Жанболатта болған емес: аллергиясы қозса, бір дәрімен басылатын. Ал мына бөрткен сенбіден бері әлі кете қойған жоқ. Дәрігерлердің “бір қасық балдан болды” дегеніне де толық сене алмаймыз. Сондықтан, ауруханадан шыққан соң Жанболат тәуелсіз медициналық комиссия тексеруінен өтуге құқығы болуы керек деп санаймыз! 
Алда апелляциялық сот, одан кейін үй қамақтан құтылып, шектеулі бостандыққа шыққан соң сондай құқық Жанболатқа берілуі тиіс!”
– деп жазды ол.

Ауруханада жатқан Жанболат Мамайдың жағдайы күрт нашарлап, денесін қызыл бөрткен басып, жансақтау бөліміне ауыстырылған болатын.