Алматыда метро салу үшін сүрілетін үйлерге өтемақы төлемеген

Qaz365.kz редакциясы

Халыққа берілуі керек болған миллиардтарды ортада бәз біреулер жымқырған деп күдіктенеді

Алматыда «Қалқаман» метро бекетінің құрылысы мен ұзартылып жатқан Төле би көшесіне қатысты дау шықты. Осы құрылыстың жолында тұрған сүрілетін 60 үйдің иесіне өтемақы әлі төленбепті. Айтуларынша, шенділер тиісті төлемді өткен жылы беруі керек еді, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі ktk.kz-ке сілтеме жасап, 

Алайда сол уақыттан бері тек құрғақ уәдемен тойдырып келген. Сондықтан халыққа берілуі керек болған миллиардтарды ортада бәз біреулер жымқырған деп күдіктенеді. Ал шенділер бөлінген қаражат жетпей қалды деп отыр. Бұл атқамінерлердің табалдырығын тоздырып әбден ығыры шыққан жұрттың жанайқайы. Бәрі Наурызбай ауданының тұрғындары. Былтыр тұрып жатқан жерінің орнына «Қалқаман» метро бекеті мен Төле би көшесі ұзартылатын болған соң, үйлері сүріледі деп танылған. Шенділер ұсынған бағаға да қанағат тұтыпты. Бірақ сол күйі тиісті ақшаны ала алмаған.
 

“Қалқаманда, Наурызбай ауданында өткізіледі. «Төле би» деп, былтыр жазда бағалап кеткен. Алты айдың ішінде өтемақы түсу керек болған. Оны күттік. Алты айды қойып, оныншы айға кетті. Қайтадан бағаланады деді, Депутаттар сайлансын деді. Оны күттік”, – деді Назым Дарқұлова.

Күте-күте әлі күнге дейін өтемақы ала алмай жүрген отбасы саны 60-қа жетіп қалған. Бірақ кейбір жер иесіне уақытында төленген. Қазір көше бойындағы үйлер кезек-кезек сүріліп жатыр. Жердің астаң-кестеңін шығаратын жұмыстан сау тұрған үйлердің қабырғасы жарылып, төбесі құлауға шақ қалған.

“Бір ай болды. Күнде шаң. Түсіріп жатыр топырақты, түсіріп жатыр. Көшені ақарасаңыз, дам жүретін жер емес. Адам емес, ит тұратын жер болып қалдық. Не ақшамызды бермейді”, – деді Хинуар Көпбосынова.

“Менің жанжағымда бүкіл үйді бұзып тастаған. Жерді қазған кезде астынан құмырсқа, тарақандар шығып, үйіме толып кетті. Көршінің үйіндегі тарақандар менің үйіме келді. Үйде тарақанның түртүрі бар. Әкім ақшаны алдыңғы жылы түсірген. Мына жақта ішінде былық болған. Нақты қандай былық екенін білмеймін. Жәій ғана ақшаны ұстап отыр. Ұсталған ақшаға пайыз түсіп отырады ғой. Ол өз  проблемалары. Бізге ақша берсін. Біз кетеміз”, – деді Қуандық Шаймардан.

Жер қатынастары басқармасының бастығы әу баста халықтың алдына шығып еді. Кейін аяқ-асты жоқ болды. Іздеп едік, таба алмадық.

“Жана ғана болған басқарма бастығы орнында жоқ екен. Есігін де ашып көріп жатырмыз. Кеңсесінде де жоқ. «Қайда» деп сұрасақ, «әкімдікке кетіп қалды» – дейді.

“Жер телімі сатып алынып отыр. Соның өзіне 4,3 миллирд кетті. Осы жаңа жылдан бастап Төле би бойынша 26 жер теліміне 1,2 миллиард қаражат белгіленген. Станция метродағы 23 жер телімін сатып алу бойынша 2,2 миллиард белгіленген. Сондықтан да жұмыс созылып кетіп отыр. Бөлінді, бірақ жетпей қалды”, – деді Алматы жер қатынастары басқармасы басшысының орынбасары Нұрлан Құлболдинов.

«Кінә бізден емес» деген ол осы айдың аяғына дейін меншік иелеріне қаражат аударылады деп сендірді. Ал тұрғындар өтемақы осы жолы төленбесе, сотқа жүгінуге бекініп отыр.