Марат Жыланбаев екі айға қамалды

Qaz365.kz редакциясы

Сот күдікті Марат Жыланбаевты күзетпен ұстау бұлтартпау шарасына санкция берді

the-village-kz.com

Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты күдікті Марат Жыланбаевты күзетпен ұстау бұлтартпау шарасына санкция берді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«2023 жылғы 25 мамырда Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты күдікті М.Т.Жыланбаевқа қатысты күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын 2 ай мерзімге санкциялады», - деп жазды ведомстводан.

Ол – тіркелмеген оппозициялық партияның жетекшісі. Спортшы "тыйым салынған ұйымға қатысу" және "экстремистік ұйымның қызметін қаржыландыру" деген күдікке ілінген. Бұл әрекеттер, атап айтқанда, ҚР Қылмыстық кодексінің 405-бабымен реттеледі.