Кәмелетке толмаған баланың өліміне байланысты іс қозғалды
Ақмола облысында 10 жасар бала жаттығу кезінде көз жұмды, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Ақмола облыстық ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, кәмелетке толмаған баланың өліміне байланысты іс қозғалды.
«Алдын ала анықталған мәліметтер бойынша, он жасар ұл бала Целиноград ауданының Талапкер ауылында арнайы дайындық орталығында жаттығу кезінде көз жұмған. Қазіргі кезде бала өлімінің себебін анықтау мақсатында сот-медициналық сараптама тағайындалды. Соның қорытындысы бойынша процессуалдық шешім шығарылатын болады», - деп түсіндірді ПД баспасөз қызметінен.