Қытаймен жеңілдетілген визасыз режим қашан басталады - СІМ жауап берді

Qaz365.kz редакциясы

Барлығы екі елдің мемлекеттік органдарына байланысты

Tengrinews.kz / Турар Казангапов

Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров Қытаймен арадағы жеңілдетілген визасыз режимді енгізу тәртібін түсіндірді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

“Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қытайға жасаған мемлекеттік сапары кезінде тиісті келісімге қол қойылды. Осыдан кейін екі мемлекет өз ішінде қажетті заңнамалық рәсімдерді жасайды. Оған біраз уақыт керек, жарты жыл бола ма, екі-үш ай бола ма, соңында екі мемлекет ішкі рәсімдердің аяқталғанын бір-біріне хабарлайды. Содан бастап келісім заңды күшіне енеді. Барлығы екі елдің мемлекеттік органдарына байланысты. Біз өз тарапымыздан тездетуге тырысамыз. Қытай тарапынан да жауап күтеміз”, - деді Айбек Смадияров.

Оның айтуынша, енді Қазақстанда осы келісімді бекіту туралы үкімет қаулысы қабылдануы керек.

Айта кетейік, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қытайға жасаған сапары аясында «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық Республикасының Үкіметі арасындағы визалық талаптардан өзара босату туралы келісімге» қол қойған болатын.