Екібастұздағы 422 км құбыр жолдарының 614 м ғана жөнделген

Qaz365.kz редакциясы

Сенатор Алтынбек Нухұлы энергетикалық нысандарды мемлекетке қайтару мәселесіне де тоқталды

Gov.kz

Екібастұздағы 422 км құбыр жолдарының 614 м ғана жөнделген, деп хабарлайды qaz365.kz тілшісі.

Сенатор Алтынбек Нухұлы “Хабар 24” телеарнасындағы “Күн тәртібі” бағдарламасына сұхбат беріп, Екібастұз қаласындағы ЖЭО-ғы апатты жағдайға байланысты жауапкершілікке тарту мәселесін талқылады. 

Сұхбат барысында сенатор энергетикалық нысандарды мемлекетке қайтару мәселесіне де тоқталды. 

“Екібастұздағы 422 км құбыр жолдарының 614 метрі ғана жөнделген. Сонда жөнделген құбырдың ұзындығы бір шақырымға да жетпейді. Бұл бір ғана Екібастұз емес, еліміздің басқа да өңірлерінде осындай мәселелер жеткілікті. Стратегиялық нысандарды мемлекетке қайтара салмай, жөндеу жұмыстарына салынбаған қаражатымен бірге қайтаратын жағдайды қарастыру керек”, – деді сенатор.