Апалы-сіңілі полиция қорғауына алынды
Алматы облысында әкесінің тарапынан зорлық-зомбылыққа ұшырағаны айтылған апалы-сіңілі полицияның қорғауына алынды, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
28 мамырда 2001 жылғы Ц. мен 2003 жылғы Ц. өтініштері бойынша Еңбекшіқазақ ауданы ПБ СДТБТ-ға ҚР ҚК-ның 121-бабы 4-бөлігі бойынша екі қылмыстық іс тіркелген - "Сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері".
"Жүргізілген тергеу әрекеттері мен жедел-іздестіру іс-шараларымен жәбірленушілердің әкесі 57 жастағы күдікті Ц. есімді ер адам анықталды. Қазіргі уақытта қылмыстық құқық бұзушылық фигурантымен аса ауыр қылмыстардың мән-жайы жан-жақты, толық және объектив зерттеуге бағытталған барлық қажетті тергеу әрекеті жүргізіліп жатыр. Тиісті сараптамалық зерттеулер тағайындалды", - делінген хабарламада.