Тоқаев бүгін Бала құқықтары жөніндегі уәкілді қабылдады
Адвокат Айман Омарова Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтан Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Аружан Саинды қызметінен босатуды сұрады, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Мемлекет басшысы бүгін Аружан Саинды қабылдаған болатын. Осыдан кейін Айман Омарова Facebook парақшасында жазба жариялады.
“Балалардың құқын ойламайтын әйелді неге босатпайсыз, Президент мырза?
Жұмысын білмейтін, балалардың құқына түкірген қатынды тағайындаудың қаншалықты қажеті бар?
Сонда, Назарбаевтың адамдары өстіп отыра бере ме?
“Жаңа Қазақстан “- “Жалған Қазақстан” емес пе?” – деді адвокат.