Украинаның Хэрсон облысында Каховск СЭС-і жарылып, елдімекендерді су ала бастады

Qaz365.kz редакциясы

Ресей мен Украина бірін-бірі кінәлады

видеодан кадр / Униан

Украинаның Херсон облысындағы Каховск су электр станциясы жарылып, төңірегін су ала бастаған, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі Азаттыққа сілтеме жасап.

Бұған дейін Baza және Shot телеграм-арналары Каховск ГЭС-ін жарылғанын жариялаған. Олар бөгетті "украин әскери қызметкерлері" жарғаны туралы фото суреттер мен видео таратқан.

Новая Каховка мэрі Владимир Леонтьев Каховка СЭС-і жарылғаны туралы ақпаратты "сандырақ" деп, теріске шығарғанын РИА Новости хабарлады. Оның сөзінше, "түнгі соққылардан су өткізетін қақпа бұзылып, су қатты екпінмен ағып жатыр".

Жергілікті биліктің айтуынша, су 5 сағаттан соң қауіпті деңгейге жетеді. Қазір су алған қауіпті аудандардан жергілікті тұрғындарды эвакуациялау басталған.

Каховск СЭС-інің жарылғаны туралы ақпаратты Украина қарулы күштерінің "Оңтүстік" әскері растаған. Олар Ресей әскерін кінәлаған.