“Бұл үшін жауап бересіз”: Көлгінов журналиске ескерту жасады

Qaz365.kz редакциясы

Журналистер одан өзін "Көлгінов 20%" деп атайтынын біліп-білмейтінін сұрады

Sputnik / Владислав Воднев

Астана қаласының экс-әкімі әрі қазіргі премьер-министрдің орынбасары Алтай Көлгінов бүгін журналистердің сұрағына жауап берді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

“Сізді “Көлгінов 20%” деп атайтынын естідіңіз бе?” – деп сұрады журналист Көлгіновтен.

Алтай Көлгіновтің айтуынша, ол – тапсырыспен жасалған шабуыл.

“Бұл – айыптау. Сіз көпшілік ортада мемлекеттік қызметкерді айыптап тұрсыз. Бұл үшін жауап бересіз. Мұнымен айналысудың қажеті жоқ. Осындай мемлекеттік қызметкерлерге тапсырыспен жасалған шабуылдар болады. Мен әкім болғанымда әріптестеріммен тұрғындардың мүддесі үшін адал қызмет еттім. Мен өз жұмысымнан ұялмаймын”, – деп жауап берді экс-әкім.

Бұған дейін журналистер экс-әкімнен Астанадағы су тапшылығы мәселесін айтып, өзінің үйінде судың бар-жоғын сұраған болатын.