Оның айтуынша, жалпы Қазақстанда кез келген адамның ары мен абыройы заңмен қорғалады
Әділет вице-министрі Алма Мұқанова Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа тіл тигізуге қатысты қылмыстық жауапкершілік қандай тәртіпте алынып тасталып жатқанын түсіндіріп берді, деп хабарлайды Qaz365.kz.
«Қылмыстық құрамнан алып тастау тұрғысында жалпы талқылау жүріп жатқаны рас. Оның ішінде алып тастау мәселесі қаралып жатыр. Бұл тиісті құқықтық кепілдер Елбасы туралы конституциялық заң шеңберінде берілген. Біздің бәріміз ол заңның күші жойылғанын білеміз. Сондықтан бұл тұрғыда депутаттар өзгерістерді ұсынып отыр. Өзгерістер қабылданған заңдарды сәйкестікке келтіру үшін ұсынылған», - дейді Алма Мұқанова.
Мәжіліс депутаты Снежанна Имашева болса, «Елбасы мәртебесі жоқ, сол себепті қылмыстық жауапкершілік қажет емес және қолданылмайды. Бұл ереже Елбасына ғана қатысты, онда отбасы туралы ештеңе айтылмаған» деп айтты.
Активтерді қайтару туралы заңның ілеспе жобасы аясында жауапкершілікті жоққа шығаратын норма бар екен. Мұндай түзету соңына ішіне қосылған. Снежанна Имашева активтерді қайтаруға қатысты заң жобаларының пакеті қабылданғаннан соң, бұл нормалар алынып тасталатынын жеткізді.
«Конституцияда қабылданған түзетулер аясында осындай өзгерістер болған еді. Енді Конституцияда Елбасы мен оның өкілеттіктері туралы айтылмайды. Сол себепті Қылмыстық кодексте бұл баптар енді қажет емес. Елбасы мәртебесі деген жоқ, сондықтан қылмыстық жауапкершілік те енді қажет емес және қолданылмайтын болады», - деді депутат.
Әділет министрлігінің мәліметінше, Парламент депутаттары бастамашылық жасаған Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңсыз сатып алынған активтерді мемлекетке қайтару мәселесі туралы өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасы аясында Қылмыстық кодекстен Тұңғыш Президентті көпшілік алдында қорлау немесе оның абыройы мен қадір-қасиетіне өзгедей қолсұғушылық үшін қылмыстық жауаптылықты көздейтін 373 және 374-баптарды алып тастау көзделіп отыр.
11 қаңтарда Конституциялық сот «Елбасы туралы» заң күшін жойғанын мойындады. 13 қаңтарда парламенттің қос палатасы заң жобасын мақұлдады.