Орнына әкімнің міндетін уақытша атқарушы тағайындалды
Мемлекет басшысының Жарлығымен Әбілқайыр Бақтыбайұлы Сқақов Павлодар облысының әкімі лауазымынан босатылды, деп хабарлайды qaz365.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.
“Мемлекет басшысының Жарлығымен Әбілқайыр Бақтыбайұлы Сқақов Павлодар облысының әкімі лауазымынан босатылсын. Орнына Олег Павлович Крук Павлодар облысы әкімінің міндетін уақытша атқарушы болып тағайындалсын”, – делінген Жарлықта.
Еске сала кетейік, 27 қарашада Екібастұз жылу электр орталығында апат болып, қала тұрғындары жылусыз қалған еді. Кейінірек жылу қазандығының істен шығуына байланысты облыс әкімі бастаған жедел штаб құрылған болатын. Алайда, 5 күннен бері жылу мәселесі әлі толығымен шешімін тапқан жоқ.