Назарбаев кеңсесінің жұмысы тоқтатылады – Жамаубаев

Qaz365.kz редакциясы

Оның айтуынша, бұл мәселе бір жарым айда шешіледі

orda.kz

Бұл туралы мәжіліс кулуарында үкімет басшысының орынбасары – қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев мәлім етті, деп хабарлайды Qaz365.kz

«Елбасы канцеляриясы заң аясында ғана жұмыс істейтін болады. Оның ішінде тек канцелярия ғана емес, оның ішінде жұмыс істеп жатқан кітапхана бар. Ол жерде құнды нәрселер бар. Оның министрліктің немесе мемлекеттік органның аясына ауыстыру керек. Жалғыз тастап кетпейміз ғой. Ондағы қызметкерлердің бір бөлігі басқа ұйымдарға ауысады, ал тағы бір бөлігі қысқаруға жатады. Бір жарым айдың ішінде бұл мәселе шешіледі деп ойлаймын», –  дейді ол.

БАҚ өкілдері «Назарбаевтың кеңсесін жапса, экс-президент қайда жұмыс істейді?» деп те сұрады. 

«Мұны оның айналасындағы адамдардан сұраңыздар. Мен қайдан білейін. Олардан сұраңыз, басқа кеңселері бар шығар», –  дейді вице-премьер.

Телеграм арнаға жазылыңыз!