"Семей орманы" тағы өртеніп жатыр

Qaz365.kz редакциясы

Алдын ала болжам бойынша 0,3 га алаңда ағаштар жанып жатыр

ҚР ТЖМ

«Семей орманы» МОТР аумағында тағы өрт шықты, ағаштар өртеніп жатыр, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Абай облысы ТЖД күштері мен құралдары «Семей орманы» МОТР аумағындағы орман алқабындағы өртті жедел жоюға жәрдем көрсетіп жатыр.

Батпаев орманшылығының аумағында алдын ала болжам бойынша 0,3 га алаңда ағаштар жанды.

Өртті сөндіру жұмыстарына Абай облысы ТЖД 31 адамы және 9 бірлік техникасы, орман шаруашылығынан 28 адам және 14 бірлік техника жұмылдырылды.

ТЖД дағдарыс орталығында жедел штаб ашылды.