Із-түзсіз кеткен тағы 11 өрт сөндіруші іздестіріліп жатыр
Абай облысында орман өртінің ауданы 30 мың гектарға дейін ұлғайды. Өрт салдарынан үш орманшының қаза тапқаны белгілі болды, деп хабарлайды Qaz365.kz.
“Абай облысындағы алапат өртке байланысты Президент Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильинге оқиға орнына жедел барып, өрт сөндіру жұмыстарын басқару міндетін жүктеді”, – делінген Ақорданың хабарламасында.
Үкіметке және Абай облысы әкімдігіне қаза тапқандардың отбасыларына барлық қажетті көмекті көрсету тапсырылды.
ТЖМ мәліметтері бойынша, орман шаруашылығының үш қызметкері қаза тапты, із-түзсіз кеткен тағы 11-і іздестіріліп жатыр.