Мемлекет басшысы Абай облысына жұмыс сапарымен барды

Qaz365.kz редакциясы

Президент орман алқаптарындағы өрт сөндіру жұмыстарымен танысады

akorda.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Абай облысына жұмыс сапарымен барды, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

“Сапар барысында Президент орман алқаптарындағы өрт сөндіру жұмыстарымен танысады, шұғыл әрекет ету штабының отырысын өткізеді және өрт кезінде қаза тапқан орман шаруашылығы қызметкерлерінің туыстарымен кездеседі”, – делінген Ақорданың ақпаратында.