Ол бұл қызметті 4 жыл атқарды
Аружан Саин бала құқықтары жөніндегі уәкіл лауазымынан босатылды, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.
"Мемлекет басшысының өкімімен Аружан Саин Қазақстан Республикасындағы Бала құқықтары жөніндегі уәкіл лауазымынан босатылды", - делінген Жарлықта.
Ол 2019 жылдың шілдесінде Қазақстандағы бала құқықтары жөніндегі уәкіл болып тағайындалған.
Бұған дейін Адвокат Айман Омарова Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтан Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Аружан Саинды қызметінен босатуды сұраған болатын.