Оның айтуынша, Үкімет мұндай жағдайда барлық мемлекеттік органдардың жауапкершілігін бекітетін нақты алгоритм әзірлеп жатыр
Вице-премьер Роман Скляр Абай облысындағы өрт жайлы айтып берді, деп хабарлайды Qaz365.kz.
«Оқиға орнында жағдайға дұрыс баға берілмей қалған. Өрт тез тараған. Әлбетте, адам өлімі қашан да қайғылы. Қазір прокуратура тергеу жүргізіп жатыр. Содан кейін толық баға береді», – дейді ол.
Роман Склярдың айтуынша, Үкімет мұндай жағдайда барлық мемлекеттік органдардың жауапкершілігін бекітетін қазір нақты алгоритм әзірлеп жатыр.
«Мұндай жағдайда жедел әрекет ету керек. Біз өртті сөндіруге боларлық ең әуелгі сәтті жіберіп алдық», – дейді ол.
«Нақты қай кімнің кінәсі бар? Кім жауап беруі керек?» деген сұраққа Скляр жөнді жауап бермеді.
«Орман шаруашылығы қарайтын Экология және табиғи ресурстар министрлігі, Төтенше жағдайлар министрлігіне, Қорғаныс министрлігіне тікұшақпен көмек көрсетіп жатыр», – дейді ол.