Бұл туралы үкімет кулуарында ішкі істер министрі Марат Ахметжанов айтты
Президент отставкаға жіберген экс-министр Ильиннің әрекеті тексерілетін болды. Бұл туралы үкімет кулуарында ішкі істер министрі Марат Ахметжанов айтты, деп хабарлайды Qaz365.kz.
«Президент Бас прокуратураға тиісті тапсырмаларды берді. Соның шеңберінде тексеріс жұмыстары жүргізіледі. Өрт фактісінің өзі – төтенше жағдай. Адамдар өлді, сол себепті қылмыстық іс шеңберінде тексеру болады. Немқұрайлылығы және тиісті міндеттемесін орындау бағытын айтып отырмын», - деп жауап берді Ахметжанов.
Еске сала кетсек, Абай облысында өрт шыққаннан кейін президент төтенше жағдайлар министрлігін басқарған Юрий Ильинді отставкаға жіберген болатын. Сонымен бірге Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаевқа сөгіс жарияланған.