Қазақстанға екі ел көмек қолын созуға ұсыныс білдірді

Qaz365.kz редакциясы

Бұл туралы СІМ-нен мәлімдеді

ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

Қазақстанға екі ел өртті сөндіруге көмек қолын созуға ұсыныс білдірді. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Айбек Смадияров мәлімдеді, деп хабарлайды Qaz365.kz

“Егер апат үлкен болса, мемлекеттің өзінің шамасы жетпей жатса, онда көмек сұрауға мәжбүр боламыз. Әзірше біз ондай көмек сұратқан жоқпыз, бірақ Түркия мен Өзбекстан көмек көрстеуге дайын екенін білдірді”, – деді хатшы.

Естеріңізге сала кетейік, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев және Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоғанмен телефон арқылы сөйлескен болатын.