2023 – 2025 жылдарға арналған республикалық бюджет бекітілді
Мемлекет басшысы “2023 – 2025 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы” Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, деп хабарлайды qaz365.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.
Мемлекет басшысы қол қойған республикалық бюджет туралы Заңға сәйкес, 2023 жылы:
▪ Жалақының ең төменгі мөлшері 70 000 теңгені құрайды (10 000-ға өсті)
▪ Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің ең төменгі мөлшері – 24 341 теңге (4891-ге ұлғайды)
▪ Зейнетақының ең төменгі мөлшері – 53 076 теңге (6774-ке ұлғайды)
▪ Айлық есептік көрсеткіш – 3 450 теңге (270-ке артты)
▪ Базалық әлеуметтік төлемдердің мөлшерін есептеу үшін ең төменгі күнкөріс деңгейі – 40 567 теңге (3178-ге көтерілді)