Ол «Семей орманы» МОТР аумағына аэровизуалды тексеру жүргізді
13 маусымда ТЖ министрі «Семей орманы» МОТР аумағына аэровизуалды тексеру жүргізді. Елді мекендердің табиғи өрттен қорғалуын ұйымдастырылуын бақылады. Бүгінгі күні қауіп жоқ, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
ТЖМ басшысы барлық күштер мен құралдар орман өрттерінің елді мекендерге өтуіне жол бермеу бойынша жұмысты жалғастырып жатқанын атап өтті. Сонымен қатар топтастырылған күштер мен құралдарды тиімді қолдануды қамтамасыз етуді тапсырды.
“Өртті сөндіруге ТЖМ, Орман шаруашылығы комитетінен, жергілікті атқарушы органдардан және Қорғаныс министрлігінен 1 900-дан астам адам, 360-қа жуық бірлік техника жұмылдырылған.
Өртті сөндіру жұмыстары басталғаннан бері өрт ошақтарына әуеден 1 526 рет су төгілді, жалпы көлемі 4 486 тоннаны құрайды”, – делінген хабарламада.
Өртті сөндіру +270-ден +320С-ге дейінгі жоғары температуралық фонмен, жану алаңының ауқымдылығымен және солтүстік, солтүстік-шығыстан секундына 14 метр жылдамдықпен соққан желге, күндіз оның екпіні секундына 20 метрге дейін жетуіне байланысты қиындады.
Қазгидромет болжамы бойынша алдағы 3 тәулікте жауын-шашынсыз ауа райы, екпіні секундына 28 метрге дейін жел күтіледі.
Сонымен қатар, бүгін 13 маусымда өрт Семей қаласына қарай бағыт алғаны байқалды. Уақтылы қабылданған жедел шаралардың арқасында өрт қаладан 30 км жерде тоқтатылды.