"Экс-министр Ильинге елден шықпау туралы шектеу қойылды": Бас прокуратура жауап берді

Qaz365.kz редакциясы

Марат Ахметжанов оның әрекеті тексерілетінін айтқан болатын

Informburo.kz

Бүгін Мәжілістің жалпы отырысына келген бас прокурордың орынбасары Жандос Өмірәлиевтен тілшілер Төтенше жағдай экс-министрі Юрий Ильинге Қазақстаннан шықпау туралы шектеу қойылғаны қаншалықты рас екенін сұрады, деп хабарлайды Qaz365.kz

«Ондай шектеу қойылмады. Қазір бұл қылмыстық іс бойынша ешкімнің іс-әрекеті сараланған жоқ. Тергеудің басталғанына шамалы ғана күн өтті. Сондықтан мұнда сіз айтқан лауазым иесі де және басқа да лауазым иелеріне әлі қылмыстық іс бойынша статус жоқ. Олардың іс әрекеті сараланбады», – деді Жандос Өмірәлиев.

Тілшілер бас прокуратура саралағанша, олар Қазақстаннан кетіп қалмай ма? деп сұрақты нақтылады. 

«Тиісті тергеу тобы барлық шараларды қолданып жатыр», –  деді ол. 

Айта кетейік, Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов өртті дер кезінде ауыздықтай алмаған экс-министр Юрий Ильиннің әрекеті тексерілетінін айтты.