Шымкенттегі Елена Малышеваның клиникасы қазақ тілін менсінбей ме

Qaz365.kz редакциясы

Клиника ашылмай жатып, дау туғызды

РИА Новости / Кирилл Каллиников

Ресейлік дәрігер, тележүргізуші Елена Малышева Шымкент қаласында клиника ашпақшы екен. Бірақ бұл ашылмай жатып үлкен дау туғызды. Бұл туралы журналист Тимур Казмин Facebook желісіндегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Qaz365.kz порталы.

«Ресей дәрігері, «Первый Канал» телеарнасының бас кейіпкерлердің бірі Елена Малышева Шымкентте медициналық орталығын ашпақшы екен. Енді қараңыздар.
Ғимараттағы барлық жазулар тек орыс тілінде. Не сұмдық мынау? Мүмкін ішінде әйел денсаулығын жақсартатын жер емес, Ресей пропагандасын насихаттайтын орын?!

Аудандық ономастикалық комиссиялардың төрағалары — аудан әкімдері! Қалалық ономастикалық комиссиясының төрағасы — қала әкімінің бірінші орынбасары Куаныш Асылов мырза! Сіздердің назарларыңызға ұсынылады! Қай аудан екенін білмейді екенмін. Адырбеков көшесінде орналасқан ғимарат», - деп жазды журналист.