Орталықтың аудандарда жылжымалы мобильді заң кеңесі қызметі жұмыс істейді
Алматыда тегін заң консультациясын қамтамасыз ету орталығы ашылды, деп хабарлайды qaz365.kz тілшісі Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Үкіметтік емес ұйымдардың әлеуметтік маңызы бар жобаларды орындау бойынша мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде “Адам және қоғам” қоғамдық бірлестігімен Алматы қаласында (МИБ, ТКШ, Халықты әлеуметтік қорғау және т.б.) азаматтар үшін тегін заң консультациясын қамтамасыз ету орталығы ашылды.
Бұл орталықта тәжірибелі заңгерлер өз қызметін келесі бағыттар бойынша жүзеге асырады:
▪ “Мемлекеттік және орыс тілдерінде бірыңғай тұрақты 24/7 “жедел желі” жұмысы;
▪ Барлық аудандарда ай сайын кемінде 2 рет жылжымалы мобильді заң кеңесі қызметі жұмыс істейді. Жылжымалы заң кеңесі тұрғындарға базарларда, емханаларда, сауда орталықтарында, халыққа қызмет көрсету орталықтарында қызмет көрсетеді;
▪ Азаматтардың құжаттарын (өтініш, талап, өтініш және т.б.) дайындауға әдістемелік көмек көрсетеді. Соттарда халықтың әлеуметтік осал топтары мүгедектер, зейнеткерлер, жалғызбасты аналар және т.б. істерін жүргізеді;
▪ Орталыққа келушілерге заң мәселелері бойынша ақпараттық-консультациялық қолдау көрсету, сондай-ақ телефон, электрондық пошта арқылы және "Онлайн кеңесші" интерактивті модулінің көмегімен орталық сайтында мемлекеттік және орыс тілдерінде консультациялар жүргізу.”
Тегін заң консультациясын қамтамасыз ету орталығының бас кеңсесі Алматы қаласы, Медеу ауданы, М.Мақатаев көшесі 47 мекенжайында орналасқан.