Ол 2022 жылы 3 шілдеде ұсталып, 5 шілдеде қамауға алынды
Журналист Махамбет Әбжан жазасын өтеу режимін өзгертті, деп хабарлайды Qaz365.kz.
«Қасақана қылмыс жасағаны үшін бас бостандығынан айырылып, жазасын өтеген Махамбет Әбжан 2023 жылғы 3 ақпандағы үкіммен қайтадан бас бостандығынан айырылған. Ал жазасын қылмыстық-атқару жүйесінің төтенше қауіпсіздіктегі мекемесінде өтеуге тағайындалған еді. Жаңа заң сотталған Махамбет Әбжан жаңа мүмкіндік береді. Ол осыған байланысты қауіпсіздігі жоғары қылмыстық-атқару жүйесі мекемесіне ауыстырылды», - деп хабарлады жұма күні Ақмола облысының Аршалы аудандық соты.
Еске салайық, Махамбет Әбжан – қазақстандық журналист. Ол 2022 жылы 3 шілдеде ұсталып, 5 шілдеде қамауға алынды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет журналиске Рашит Махаттан 50 миллион теңге бопсалады деп айып тақты.
Махамбет Әбжан соңына дейін өзіне тағылған айыппен келіскен жоқ. Тіпті тергеу тарапынан қысым болғанын бірнеше рет мәлімдеген. Ол биыл 3 ақпанда 9 жылға сотталған.