Мәслихат депутаты Болат Назарбаев қожалық ететін компания көшені жауып тастағанын хабарлады

Qaz365.kz редакциясы

Бұған дейін Пожарский көшесінен айырылып қалдық, енді Политехническаяның жоғалуына жол бермейік, алматылықтар –  мәслихат депутаты

Almaty.tv

Алматы қаласы мәслихатының депутаты, журналист Сергей Пономарев RAMS  компаниясы кезекті тұрғын-үй кешенінің құрылысы үшін қаладағы көшелердің бірін жауып тастағанын мәлім етті, деп хабарлайды qaz365.kz тілшісі Qamshy.kz- ке сілтеме жасап.

Депутаттың айтуынша, компанияға экс-президенттің інісі Болат Назарбаев қожалық етеді.

Депутат шағын көше арқылы Байтұрсынов көшесінен Әл-Фараби даңғылына оңай шығуға болатынын, бұл – көлік тығыны кезінде жолды қысқартуға көмектесетінін атап өтті. Енді құрылысқа байланысты көше жабық тұр.

“Алматыда тағы бір көше жоғалып кеткелі тұр, бұл – Политехническая көшесі. Ана жақты қоршап, RAMS компаниясы кезекті нысан салып жатыр. Бірақ біз Жаңа Қазақстанды құрып жатырмыз емес пе! Маған бас жоспарға сай, көше орнында үй тұруы керек дейді. Біз RAMS компаниясының үстінен Болат Назарбаев қарайтынын жақсы білеміз. Қазір ол ықпалын жоғалтты ғой, бас жоспарды өзгертейік. Мен, мәслихат депутаты ретінде газ, архитектура, аудандық әкімдік секілді осыған қатысы бар барлық құрылымды жинап, көшені жаппай, керісінше жаңаларын ашуға жұмыс істеуге шақырам. Бұған дейін Пожарский көшесінен айырылып қалдық, енді Политехническаяның жоғалуына жол бермейік, алматылықтар", –  деп жазды депутат желідегі парақшасында.