Ақын Несіпбек Айтұлы қайтыс болды

Qaz365.kz редакциясы

Бұл туралы Дәулеткерей Кәпұлы хабарлады

Ақын, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Несіпбек Айтұлы 73 жасында өмірден озды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Алаштың белгілі қазақ ақыны, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Несіпбек Айтұлы 1950 жылы 22 қыркүйекте Қытайдың Тарбағатай аймағында дүниеге келген. 12 жасында ата-анасымен бірге атамекеніне оралады. Орта мектепті бұрынғы Семей облысына қарасты Баршатас ауылында оқыған.


Кейін 1983-1984 жылдары «Жалын» баспасында редактор міндетін атқарды. Содан кейін 10 жыл аралықта Қазақстан Жазушылар одағында әдеби кеңесші, «Ақын» қауымдастығының директоры болып қызмет етті.


Несіпбек Айтұлы «Алғашқы жол», «Көктем тынысы», «Уақыт жаңғырығы», «Әке туралы сыр» және басқа да кітаптардың авторы. 1988 жылы жазушының бастауыш мектеп оқушыларына арналған «Күміс күйме» өлеңдер жинағы орыс тілінде жарық көрді.


Нессіпбек Айтұлы 1997 жылдан 2001 жылға дейін «Қазақ әдебиеті» газетінде сын бөлімінің, «Жұлдыз» журналында поэзия бөлімінің меңгерушісі болып жұмыс істеді. Ал 2001 жылдан бастап Астана қаласындағы Еуразия ұлттық университетінде, Президенттік Мәдениет орталығында қызмет атқарды. Соңғы жылдары «Алтын тамыр» журналының бас редакторы болып жүрді. Несіпбек Айтұлы сонымен қатар Қазақстан Жазушылар одағының Жамбыл мен Мұқағали Мақатаев атындағы сыйлықтардың иегері, «Парасат» орденімен марапатталған. Аягөз және Табағай аудандарының құрметті азаматы болған.