350 шақырым жүгіріп, рекордтар кітабына кірген қазақстандық әскери сұхбат берді

Qaz365.kz редакциясы

Отан алдындағы азаматтық борышы мен спортқа деген құштарлығы оны осы межені бағындыруға себеп болған

Tengrinews.kz

Қазақстандық әскери 350 шақырым жүгіріп рекордтар кітабына кірді, деп хабарлайды qaz365.kz тілшісі ҚР Қорғаныс министрлігі баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Құрлық әскерлері әскери институтының әскери қызметшісі 3-сыныпты сержант Рауан Абылханов 47 сағат 23 минутта 350 шақырым жүгіріп, Қазақстанның Рекордтар кітабына енді.
 
Абылханов Рауан Жұмабайұлы1982 жылы Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданы Қарабұлақ ауылында дүниеге келген. 2001-2003 жылдар аралығында  Отан алдындағы борышын өтеген. Әскери қызметін 2004 жылы Алматы қаласында 38 десанттық шабуылдау бригадасында бөлімше командирі болып бастаған. 

Ол өзінің сұхбатында жақсы көретін қызметі туралы, шынайы бақытты отбасы жайлы, сондай-ақ өзін танымал еткен спортқа деген құштарлығы жөнінде әңгімелеп берді.