Державин қаласы Кенесары болып өзгереді

Qaz365.kz редакциясы

Көпшілік қала атауын өзгертуге дауыс берді

ok.ru

Ақмола облысына қарасты Жарқайын ауданының орталығы енді Кенесары қаласы болып аталады, деп хабарлайды  Qaz365.kz 

Дауыс беруге 321 адам қатысса, олардың 192-сі Кенесары атауын жақтады. 4 бюллетень жарамсыз деп танылса, қала атауын өзгертпеуді қолдап 125 адам дауыс берген.

Державин қаласы – Астанадан 482 шақырым қашықтықта орналасқан. 2020 жылғы санақ бойынша 6307 адам тұрады. 

Сәуірде Қарағанды облысындағы бірқатар ауылға қазақша атау берілетіні хабарланған болатын. Ал Моңғолиядан келген қандастарды балағаттаған павлодарлық әйелдің үстінен қылмыстық іс қозғалған, сондай-ақ ол Павлодардың атын өзгертуге қарсы пікір айтқан. Алматы әкімі Ерболат Досаевтан «Көкмайса» шағын ауданының бұрынғы атауы «Дорожникті» қайтарудан бас тартты