Ұлттық музейдің бұрынғы директоры Арыстанбек Мұхамедиұлының үстінен қозғалған қылмыстық іс бойынша сот үкімі шықты, деп хабарлайды Qaz365.kz.
«Арыстанбек Мұхамедиұлы ҚР Қылмыстық кодекстің 28-бабы 3-бөлігі және 189-бөлігі 4-тармағы 2-тармағы бойынша құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылсын. 8 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалсын», - деді судья Бағлан Ыдырысов.
Еске сала кетейік, Ұлттық музейдің бұрынғы директоры Арыстанбек Мұхамедиұлы өткен жылы 28 мамырда қамауға алынған болатын.