Кореялық компания Жамбыл облысында жылу электр станциясын салады

Qaz365.kz редакциясы

Жылу электр станциясының қуаты – 270 МВт құрайды

techcult.ru

Кореялық Securo компаниясы Жамбыл облысында қуаттылығы 270 МВт болатын жылу электр станциясын салуды жоспарлап отыр, деп хабарлайды qaz365.kz тілшісі inbusiness.kz-ке сілтеме жасап.

Бұл 500 жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік бермек. Жоба құны 180 млрд. теңгені құрайды.

"Жылу электр орталығы – маңызды нысан. Жобаның жүзеге асуы жаңа жұмыс орындарының ашылуына, бюджетке түсетін салық түсімдері мен инвестицияның артуына септігін тигізіп, облыс экономикасына оң әсерін береді", – деді облыс әкімі Нұржан Нұржігітов компания өкілдерімен кездесу барысында.

Бұдан бөлек тараптар 400 жаңа жұмыс орны құрылатын ферросилиций өндіру жобасын іске асыру жоспарын қарады.