Әкім жауап берді
Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте әйелі Гүлнәр Досаеваның жарнама нарығына қаншалықты қатысы бар екенін айтты, деп хабарлайды Qaz365.kz.
«Компанияның құрылғанына көп болды. Негізгі серіктестері әлемдік жарнама нарығының көшбасшысы - JCDecaux Asie Holding. Ал қалғаны төрт құрылтайшыға тиесілі. Мен Алматыға әкім болып келген соң, бұл мәселе көтерілетінін түсіндім. Былтырғы жылдың желтоқсанында менің әйелім Гүлнәр мен Гауһар Қаппарова 15 компанияның 15 пайыз акциясын басқа жекеменшік серіктестерге сатты», – дейді Ерболат Досаев.
Сондықтан ол былтырғы жылдың желтоқсанынан бері өзі жарнама нарығына қатысы жоқ екенін айтты.
Айта кетейік, бұған дейін Telegram арналарда Гүлнәр Досаеваға «РТС ДЕКО» АҚ компаниясының 15 % үлесі тиесілі екені жазылған. Компания жарнама қызметтерін ұсынумен айналысады.
Кәсіпорынның 2020 жылғы табысы 194,7 млн теңге болған. 2015 жылдан бері 4,9 млрд теңге салық төлеген.
Компания Қазақстанды тіркелгенімен, басқарушы JCDecaux Asie Holding. Бұл компания болса, Францияда тіркелген.