Мәскеуде терроризмге қарсы іс-шаралар өткізіліп жатыр - Сергей Собянин

Qaz365.kz редакциясы

Жолдарда қосымша бақылау шаралары енгізілді

freepik

24 маусымда Ресей астанасында терроризмге қарсы іс-шаралар жүзеге асырыла бастады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Келіп түскен соңғы ақпаратқа сәйкес, Мәскеуде қауіпсіздік шараларын күшейтуге бағытталған терроризмге қарсы іс-шаралар жүргізіліп жатыр, деп жазады Мәскеу мэрі Сергей Собянин өзінің Telegram-арнасында.

"Жолдарда қосымша бақылау шаралары енгізілді. Бұқаралық іс-шараларды өткізуге шектеу қоюылуы мүмкін. Қабылданып жатқан шараларға түсіністікпен қарауларыңызды сұраймын", – деп жазады Ресей астанасының мэрі.

Шектеу шаралары "Вагнер" жеке әскери компаниясының басшысы Пригожиннің қарулы төңкеріс жасауға әрекеттенуіне байланысты енгізілді. Оған қатысты қылмыстық іс қозғалды.

Ресейлік БАҚ-тардың хабарлауынша, 24 маусымға қараған түні Ростов облысында "Вагнер" ЖӘК қатарындағылар әскери көтеріліс жасауға әрекеттенді. Бұл туралы әскери компанияның басшысы Евгений Пригожиннен келіп түскен хабарламалардан кейін белгілі болды.