Мәскеуде терроризмге қарсы операция режимі енгізілді - Сергей Собянин

Qaz365.kz редакциясы

Ресей астанасындағы барлық бұқаралық шаралар тоқтатылды

Ашық дереккөздерден

Мәскеуде, Мәскеу мен Воронеж облыстарының территориясында терроризмге қарсы операция режимі енгізілді. Бұл туралы РФ Ұлттық терроризмге қарсы комитеті (ҰТК) мәлім етті, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Ал Мәскеу мэрі Сергей Собянин Ресей астанасында барлық бұқаралық іс-шаралардың тоқтатылғанын хабарлады.

«Мәскеуде терроризмге қарсы операция режимі енгізілді. Осыған байланысты қалада бұрын жарияланған бұқаралық іс-шаралар тоқтатылды. Барлық Қалалық қызметтер толық көлемде жұмыс істейді, қала бойынша қозғалу қиындық тудырмайды. Мәскеуліктер мен қала қонақтарына болып жатқан жағдайларға түсіністік танытқаны және сабырлы болғаны үшін рахмет», - деп жазды Мәскеу мэрі.

Бұған дейін Мәскеуде терроризмге қарсы іс-шаралардың басталғанын хабарлаған болатынбыз.